Меню KDT

Новости

Заседание Попечительского Совета

Қамқоршылық кеңестің отырысының
 №2 хаттамасы
29.12.2017 ж
Күн тәртібі:

 

  1. Мектептің білім беру қызметі туралы және оқушыларға білім беру қызметін ұсыну сапасы туралы.
  2. Демеушілермен көрсетілген  қайырымдылық көмектің жұмсалуы жөнінде есеп- Қамқоршылық кеңестің  төрағасы ЖЖС «НР-Агро» басшысы Смагулов Н.М.

 

Тыңдалды:

Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Кусакаева Б.Б. тыңдалды.

Мектептің білім беру қызметі туралы және  оқушыларға білім беру қызметін ұсыну сапасы туралы есеп берді (есеп қоса берілген.)

Екінші сұрақ бойынша демеушілермен көрсетілген  қайырымдылық көмектің жұмсалуы жөнінде Смагулов Н.М. есеп берді.

 

Қаулы:

  1. Мектептің оқушыларға білім беру қызметін ұсыну сапасын, демеушілермен көрсетілген  қайырымдылық көмектің жұмсалуы жөнінде есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.

 

Төрағасы                    Смагулов Н.М.

 Хатшы:                      Кибатова С.У.

 

Қызылту орта мектебі мектеп директорының

                                 білім беру ұйымының қызметі туралы есебі

           

Мектепте оқыту келесі сатылар бойынша ұйымдастырылған: мектепке дейін, бастауыш, негізгі және жалпы орта. Мектеп оқушыларына мемлекеттік білім стандартарына сай білім беріледі. Оқыту тілі – аралас (қазақ тілі, орыс тілі). Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді. Мектепте 58 оқушы білім алуда. Барлығы 14 оқу кабинеттері, 1 спортзал бар.  Оның ішінде:

мультимедия кабинеті-1.  Математика, бастауыш сынып, орыс тілі , ағылшын тілі кабинеттері заманауи интерактивтік құрылғылармен жабдықталған.

 Мектепте 20 компьютер, оның ішінде 11 компьютер интернет желісіне қосылған.

Ұлдар мен қыздарға арналған технология пәнінің шеберханасы бар.

Мектепте толық күнімен  кітапхана жұмыс істейді. 1-11 сынып оқушылары түгел оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Мектепте психолог кабинеті жұмыс істейді.

Жалпы мектепте 18 педагог қызмет етеді, оның ішінде:

І санат - 7  мұғалім, ІІ санат- 2 мұғалім, санатсыз- 9 мұғалім.

Мұғалімдер пәндер бойынша мерзімді білім жетілдіру курсынан өтеді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 7 мұғалім, деңгейлік бойынша 1 мұғалім курстан өтті. Оқу–тәрбиелеу барысында тиімділікке, жаңа педагогикалық технологияны пайдалынады.

Оқушыларға оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес сақталады.

Сыныптың толықтырылуы, оқу жүктемесі, оқу құралы, күн тәртібі, нормативті құжаттар, т.б.. Вариативтік компонеттерінен 9-11 сыныптарға дінтану факультативтері оқытылады.Мектепте ақылы білім беру қызметі көрсетілмейді.

Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында мектепте медициналық кабинет қызмет етеді.

Асхана толық күн тәртібімен жұмыс істейді.

Балалардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру мақсатында түрлі интеллектуалдық ойындар мен олимпиадалар, конкурстар,байқаулар, спорттық жарыстар өткізіледі.

Оқушыларымыз  облыстық, аудандық  байқаулар, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

          Оқушылардың тәрбие жұмыстары және сыныптан тыс қызметтерді ұйымдастыру сынып жетекшілер және тәрбиешілер арқылы жүзеге асырылады.

Салауаттық өмір салтын, денсаулықты нығайту мақсатында мектепте футзал, баскетбол, волейбол, хоккей секциялары жұмыс істейді.Барлық тәрбиелік іс шаралар «Рухани жаңғыру» аясында өткізіледі, әлеуметтік желілерге жарияланады.

  1. Мектепке көрсетілетін қайырымдылық демеушілік көп балалы, аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған оқушыларға көрсетіледі. Демеушілік қаржылай көрсетілмейді. Оқушыларға аяқ - киім, киімдер, оқу құралдары ретінде беріледі. Жаңа жылдық мерекеге орай оқушыларға қайырымдылық демеушілік көрсетілді:
  2. Ақжар ауданының салық инспекциясының басшысының орынбасары Жаналинов Д.Е. 6-сынып оқушысы Семкин О. тәтті сыйлық  сыйлады.
  3. ТОО «НР-Агро» басшысы Смагулов Н.М. жаңа жылдық ертеңгілікке қатысқан 15 оқушыға тәтті сыйлықтар сыйлады.
  4. КХ «Зайда» Мухтарова З.Е. жаңа жылдық ертеңгілікке қатысқан 13 тәрбиешилерге тәтті сыйлықтар сыйлады.
  5. КХ «Рассвет», «Айя», «Кристина», «Лад», «Альбина» 5-10 сынып аралығындағы 32 оқушыға өткізілген жаңа жылдық мерекесіне демеушілік көрсетті.

 



Просмотров: 656

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Кусакаева Ботагоз Барлыбаевна

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц25
  • За неделю11
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

Полезные ссылки